Ер адам теңізден құны ондаған миллион теңге тұратын зат тауып алды
Мальдив аралдарының тұрғыны теңізден құны жүздеген мың долларға бағалануы мүмкін ерекше зат тауып алды. Алдын ала болжам бойынша, ол – парфюмерияда аса бағалы саналатын амбра. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Edition-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Унгоофаару аралының маңында болған. Ер адам шағын қайықпен теңізде жүзіп келе жатып, су бетінде қалқып жүрген белгісіз затты байқайды. Оны судан алып шыққанда, салмағы шамамен 9 келі екені анықталған.
Табылған заттың шынымен амбра екенін растау үшін оны Шри-Ланкаға сараптамаға жіберген.
Амбра – кашалоттың ас қорыту жүйесінде түзілетін сирек зат. Ол әсіресе қымбат парфюмерия өндірісінде хош иісті ұзақ сақтайтын табиғи шикізат ретінде жоғары бағаланады.
Сапалы амбраның бір келісіне сатып алушылар 40 мың долларға (18 миллион теңгеден астам) дейін төлеуі мүмкін. Егер Мальдив тұрғыны тапқан 9 келілік заттың амбра екені расталса, оның жалпы құны бірнеше жүз мың долларға жетуі ықтимал.
Мальдив аралдарында бұған дейін де теңізден амбра тауып, қомақты қаржыға кенелген жағдайлар болған.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
