Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Заң бәріне ортақ”: Сарапшылар “Әділет” партиясының ұстанымдарын талдады

Теледебат сәті
Фото: “Әділет” партиясының баспасөз қызметі

"Jibek Joly" телеарнасында жеті саяси партия өкілдерінің қатысуымен үшінші теледебат өтті. Бұған дейінгі эфирлерден басты айырмашылығы – пікірсайыстың жаңарған форматта өткені болып отыр. Бұл жолы әр саяси партиядан екі кандидаттан шықты.

Теледебат қашанда қоғам мен сарапшылардың назарындағы маңызды саяси алаң саналады. Үшінші эфирді талдаған қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев пен Эдуард Полетаев "Әділет" партиясының өкілдері мазмұнды ұстанымдарымен ерекшеленгенін атап өтті. Олардың пікірінше, партия – Құрылтай бәйгесіндегі негізгі фавориттердің біріне айналып отыр.

Сарапшы Данияр Әшімбаевтың пікірінше, теледебатта көтерілген заң мен тәртіп тақырыбы бүкіл қоғамға қатысты маңызды мәселе. Осы ретте "Әділет" партиясының атынан сөз сөйлеген Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараевтың кәсіби тәжірибесі мол мамандар ретінде сәтті тандем болғанын атап өткен жөн. Айжан Аймағанова қоғамның назарын аударған сот процесінде мемлекеттік айыптаушы ретінде танылса, Мәди Мырзағараев Республикалық адвокаттар алқасын басқарады.

Саясаттанушы Эдуард Полетаев үшінші дебаттағы партия өкілдерінің пікірталас жүргізу мәнеріне назар аударды. Оның пікірінше, кандидаттар дайындалған монологтармен ғана шектелмей, өз ұстанымдарын ашық жеткізуге тырысты.

Ол әсіресе "Әділет" партиясының атынан пікірсайысқа қатысқан Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараевтың сот және құқық қорғау жүйесіне қатысты сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауап бергенін атап өтті.

"Мұнда әңгіме тек олардың өзіне сенімді сөйлеуінде немесе кәсіби тәжірибесінде емес. Соттар мен құқық қорғау жүйесіне қатысты сұрақтарға олар басқалар сияқты жалпылама сөздермен шектелмей, нақты әрі мазмұнды жауап берді. Эфир барысында цифрлар, жоспарлар мен нақты мерзімдер келтірілді. Пафосқа салынбай, баршаға ұнауға тырыспай сөйлеген бұл "қос заңгер" мыңдаған көрерменнің санасына "бұдан былай заң мен тәртіп қағидаты ешкімді бөліп-жармай, барлығына бірдей жұмыс істеуі тиіс" деген маңызды ойды сіңіргендей болды. Меніңше, электорат бұл тәсілді бағалайды", – деп атап өтті ол.

Партия өкілдерінің кәсіби ұстанымы олардың "Әділетті болашақ үшін" сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқан.

"Әділет" партиясының бағдарламасы Президенттің заңды нығайту және мемлекет пен қоғамның құқықтық мәдениетін дамыту бағытындағы бастамаларын жалғастырады. Партия – құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың санын азайтуға мүмкіндік беретін жағдай жасауға басымдық беріп отыр. Бұл көшелерді жарықтандырудан бастап, құқық қорғау және сот органдарының цифрлық сервистерін дамытуға дейінгі шараларды қамтиды. Сонымен қатар, кандидаттар құқық қорғау институттарын дамытуға қатысты бірқатар қызықты ұсыныстар айтты", – деді Данияр Әшімбаев.

Сарапшының айтуынша, партия ұсынған жаңа идеялардың бірі – құқық қорғау органдарының бірыңғай болжамдық-талдамалық орталығын құру жобасы болып отыр.

"Орталық құқық қорғау органдарының тәжірибесі мен мүмкіндіктерін бір жерге тоғыстырады. Оның көмегімен қандай да бір мәселені ушықпай тұрып анықтауға болады. "Әділет" партиясы тек мықты спикерлерді ұсынып, лайықты бағдарлама әзірлеп қана қойған жоқ. Сондай-ақ құқықтық реформалар мен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған идеяларды жүзеге асыруға дайын екенін көрсетті", – деді Данияр Әшімбаев.

Эдуард Полетаев үш пікірсайысты қорытындылай отырып, "Әділет" партиясы өз ұстанымын айқын көрсетіп, сайлау науқанында өзге партияларға қарағанда көбірек назарға іліккенін айтты.

"Үш эфирді қорытындылайтын болсақ, жалпы картина айқынырақ бола түседі. Әзірге сайлау алдындағы пікірталастағы позициясын басқа партияларға қарағанда көбірек күшейткен партия – "Әділет" болып отыр. Үшінші пікірсайыстан кейін бұл партия Құрылтайдағы орындардың басым бөлігіне үміткер болашақтағы негізгі саяси күш ретінде жиірек қабылдана бастады", – деді сарапшы.

Бұған дейінгі екі теледебаттың қорытындысы бойынша "Әділет" партиясы көрермендер арасында өткен дауыс беру кезінде екі рет көш бастап, ең көп дауыс жинаған болатын.

Ал бұл жолғы теледебатта "Әділет" партиясы көрермендер арасындағы онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша 60, 6% дауыс жинады.

Дайындаған:

"Әділет" партиясының баспасөз қызметі.

"Әділет" партиясы" ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 12 Тамыз, 2026 22:40