"Әкесіндей адам ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті

Танымал қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова жолдасы, ғалым Серікбай Өрікбайұлының 70 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың кадрларын бөлісті. Видеодан мерекелік кешке отбасының жақындары, телеарнадағы әріптестері және отандық шоу-бизнес өкілдері жиналғанын байқауға болады. Қонақтар қатарында Мақпал Жүнісова, Жанболат пен Жазира, Ләйлә Сұлтанқызы, Қарақат Әбілдина және басқа да танымал өнер иелері болды.
“Гүлнұрдың жолдасы Серікбай Өрікбайұлы 70 жасқа толды”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылап жатыр. Көпшілік ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығына қатысты түрлі пікір білдірген.
“Атасына тұрмысқа шыққан ба?”, “Оның бірінші отбасы болған ғой…”, “Осындай жасы үлкен кісіге қалай тұрмысқа шыққан?”, “Бәлкім, ықпалды адам болған кезде қосылған шығар”, “Оған эфирді жиі беретіндері осы кісіге байланысты емес пе?”, “Әкесіндей адам ғой”, “Бұрын жолдасын көп көрсете бермейтін”, “Мерейтойы құтты болсын!” – деп жазды пікір қалдырғандар.
Бұған дейін де әншінің жеке өмірі мен жолдасымен қарым-қатынасы желіде бірнеше рет сөз болған. Алайда Гүлнұр Оразымбетова отбасылық мәселелерге қатысты көпшілік алдында пікір білдіре бермейді.
Айта кетейік, Гүлнұр Оразымбетова 19 жасында өзінен 21 жас үлкен, әйелінен ажырасқан шенеунікке күйеуге тиген болатын. Күйеуі Серікбай Нұрғисаев бір жылдары ҚР президенті әкімшілігінде қызмет атқарған, Қызылорда облысының әкімі, мәжіліс депутаты да болған.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Оқыңыз