Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында сот қызметкері қайтыс болды: Оның отбасы жұмыстағы қысым туралы мәлімдеді

оооооо
Фото: Марқұмның жақындарынан

Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Аян Дүйсековтің туыстары оның қайтыс болғанын айтып, оқиғаның мән-жайын тексеруді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Отбасының айтуынша, Дүйсеков соңғы айларда жұмыста "моральдық және психологиялық қысымға" ұшыраған. Туыстары оған әділетсіз тәртіптік жаза қолданылғанын, сондай-ақ қызметтік пәтерден шығару мәселесі көтерілгенін мәлімдеді. Олар өз өтініштерінде лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, жұмыстағы жағдайлардың Дүйсековтің жағдайына әсер етуі мүмкін болған-болмағанын анықтауды сұраған.

Сондай-ақ отбасы Дүйсековтің қайтыс болғаны туралы хабардан кейін кейбір лауазымды тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеп, жұмыстан босатылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Туыстары бұл ақпаратты да тексеруді сұрап отыр.

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария

Ақмола облысының полиция департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" туралы 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Айта кетейік, заңды күшіне енген сот үкімі Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Жайдарбек Құттыбаевты офицерлік атағынан ғана емес, сондай-ақ бас бостандығынан да айырды.

Ислам Әден
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2026 16:49