Астанада тұрғын үй ауласынан атыс дыбысы естілген: Полиция мән-жайды түсіндірді
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында атыс дыбысы естілді. Полиция оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында атыс дауысы естілгені туралы ақпарат жарияланды.
Астана қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 17 қыркүйек күні кешке полицияға тұрғын үйлердің бірінің ауласында атыс болғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары жедел жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйдің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен бір топ жас болған. Олар агрессивті әрекет көрсеткен. Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында үй тұрғындарының бірі газ тапаншасынан әуеге ескерту ретінде оқ атқан", – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Барлық қатысушы оқиға орнында ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Полицейлер тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында көлік жуатын орында атыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілгенін жазғанбыз.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады