Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік әйел Вьетнам бағытындағы Air Astana рейсінде ақшасын ұрлатқанын мәлімдеді

әйел және ақша
Фото: Видеодан скрин

Ресейлік әйел Air Astana әуе компаниясының Тбилиси – Алматы – Дананг бағыты бойынша рейсте 3400 долларын (1,5 млн теңге) жоғалтқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, ақшаның жоғалғаны Вьетнамға барғаннан кейін анықталған. Конверттің ішінен доллардың орнына номиналы 2000 квача болатын Малави банкноттары шыққан.

"Не істеу керектігін білмеймін. Достар, біздің ақшамызды ұрлап кетті. Барлығы біз ұшақта ұйқтап жатқан кезде болған. Қол жүгінде барлық ақшамыз болған. Біреу долларымызды алып, орнына басқа бір ақша қойып қойған. Біз бұл ақшаны бірнеше ай жинағанбыз. Басқа елге келіп, ақшасыз қалдық", – деп жазды ол. 

Әйелдің айтуынша, бұл ерлі-зайыптылардың көшіп келгеннен кейін өздерімен бірге алып барған ақшасының басым бөлігі болған.

Қазір олар оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін барлық мән-жайды қайта қарап жатыр. Әзірге нақты ешкімді айыптап отырған жоқ.

Air Astana компаниясы мұндай жағдайларды тергеумен құқық қорғау органдары айналысуы керек екенін мәлімдеді. Жолаушыларға ресми арыз жазуға кеңес берілді.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық блогердің 70 мың долларлық заттарын Италия пойызында ұрлап кеткенін жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2026 20:58