Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда қазақстандықты кемеде 4 айдан бері ұстап отыр: Сыртқы істер министрлігі нота жолдады

теңіздегі кеме
Фото: Getty Images

Үндістан Республикасының Парадип портында бортында 23 теңізші бар MT UNITY кемесі ұсталды. Экипаж мүшелерінің бірі – Қазақстан Республикасының азаматы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.

“Ақпаратқа сәйкес, кемені ұстауға кеме иесінің жергілікті жанармай жеткізуші алдындағы қаржылық қарызы себеп болған. Қазақстандық дипломаттар азаматымыздың елге қайтуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр”, – деді Үсенов.

Үндістан сыртқы істер министрлігіне жағдайды реттеуге жәрдем көрсету туралы тиісті дипломатиялық нота жолданды.

Сонымен қатар, министрлік өкілі аталған ҚР азаматы және оның отбасы мүшелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне көмек сұрап жүгінген жоқ.

Айта кетейік БАҚ Қазақстан азаматы 11 мамырдан бері Үндістанда қамауда тұрған Unity мұнай танкерінің экипаж құрамында екенін хабарлаған. Камерун туы астында жүзетін кеме жүк түсіру жұмыстары аяқталғаннан кейін кеме иесіне қатысты қаржылық талаптарға байланысты қамауға алынған. Даулы мәселеге қатысы бар екі компания да БАӘ-де тіркелген. Істі Үндістанның Орисса штатының соты қарап жатыр. Кеме бортында барлығы 23 адам бар. Теңізшілердің елге қайту мәселесі әзірге шешілген жоқ.

Еске салсақ, АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматы көші-қон заңнамасын бұзды деген себеппен ұсталған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2026 20:11