Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

азамат
Фото: Instagram ICEGOV

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда арнайы операция барысында Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ICE мәліметінше, өткен жылдың жазында АҚШ-тың иммиграциялық соты қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ол сот отырысына келмеген.

Ведомство мәліметінше, ер адам террорлық қызметке қатысы болуы мүмкін деген күдікке байланысты қамауға алынған. Сонымен қатар оған қатысты АҚШ аумағынан шығару туралы түпкілікті шешім күшінде тұр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталғанын растады. АҚШ билігінің мәліметінше, ол терроризммен байланысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген және депортациялануы жоспарланып отыр.

Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын тексеріп жатқанын, қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын мәлімдеді. АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясы (ICE) Балтагерейдің қамауда отырғанын мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, өткен жылы АҚШ иммиграциялық соты оны елден шығару туралы шешім қабылдаған, алайда ол сот отырысына келмеген. Сондай-ақ ол "белгілі немесе күдікті террористер" тізіміне енгізілгені айтылған

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Иллинойс штатында, Чикаго қаласы маңында із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың мәйіті табылғаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 17 Маусым, 2026 11:50
Талқылау