Қазақстандықтардың АҚШ визасы бойынша өтінімдерінің жартысы кері қайтарылады: Министрлік пікір білдірді
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қазақстандықтардың АҚШ визасын алу өтініштерінің жартысына жуығы не себепті қабылданбайтыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаев қазақстандықтарға АҚШ визасын беру кезінде жиі бас тартылатынын растады. Оның айтуынша, мұндай жағдай өтініштердің 45%-ында кездеседі.
"Виза беру көрсеткіші 45–46%. Бұл немен байланысты? Ең алдымен, құжаттардың сәйкестігіне байланысты. Белгілі бір құжаттар тізімі бар, өтініш беруші сол бойынша тапсырады. Егер олар талаптарға сәйкес келсе, азамат тарапынан бұзушылықтар болмаса және құжаттар дұрыс болса, онда виза беру туралы шешім қабылданады. Егер құжаттарда қандай да бір кемшілік болса, азаматқа нақтылау үшін сұрақтар қойылып, қосымша құжаттар талап етіледі. Менің білуімше, көп жағдайда визалар мақұлданады", – деді Ерлан Жетібаев.

Сондай-ақ министрлік өкілінен Ресей азаматтары Қазақстан арқылы АҚШ визасына өтініш берген жағдайда олардың визасы жиі мақұлданады деген ақпараттың рас-өтірігі сұралды.
"Ресей азаматтарына қатысты, оларда виза мақұлдау деңгейі жоғарырақ деген ақпарат бізде жоқ. АҚШ елшілігі тарапынан ресми түрде мұндай мәлімдемелер де, статистика да жарияланған емес", – деді министр.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдетілетіні туралы жазған едік.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?