"Үш баланың анасы": АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматы көші-қон заңнамасын бұзды деген себеппен ұсталды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады. Бұған дейін ұсталған әйелдің үш баланың анасы екені хабарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық әйелді АҚШ-тың иммиграциялық қызметі ұстаған. Бұған оның елде заңды көші-қон мәртебесінің болмауы себеп болған.
"Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және азаматшаның отбасымен тұрақты байланыста. Оған қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр", – деп мәлімдеді министрлік.
Әзірге әйелдің әрі қарайғы тағдыры мен АҚШ-та қалу-қалмауына қатысты шешім туралы ақпарат берілген жоқ.
Айта кетейік, кейінгі уақытта АҚШ көші-қон және виза саясатын едәуір қатаңдатты. 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанды қоса алғанда 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беру уақытша тоқтатылған еді. Ал тамызда АҚШ билігі әлемдегі елшіліктері мен консулдықтарында иммиграциялық визаларға қатысты өтініштерді қарауды уақытша тоқтатып, өтініш берушілерді тексерудің жаңа тәртібін енгізуге кірісті. Енді консулдықтар үміткерлердің әлеуметтік желідегі белсенділігін де тексеріп, олардың АҚШ-та әлеуметтік көмекке мұқтаж болу ықтималдығын бағалайды. Вашингтон бұл шараларды көші-қон бақылауын күшейту және елге кіру талаптарын қатаңдату қажеттігімен түсіндіреді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
