Бұған дейін ішімдікке тәуелді екенін мойындаған боксшы Данияр Елеусінов ем қабылдап жүргенін айтты
Бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ішімдікке тәуелділігі барын мойындағаннан кейін ем қабылдауды бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Данияр Елеусінов Instagram парақшасында өзінің қазіргі жағдайы туралы видео жариялады.
"Міне, қазір ем қабылдауды бастадым. Бұл тек тамыр арқылы дәрі қабылдау емес, толыққанды кешенді ем. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын", – деді спортшы.
Сондай-ақ олимпиада чемпионы жанкүйерлерінен өзінің кейбір сөздері мен мәлімдемелеріне түсіністікпен қарауды сұрады.

Боксшы өзінің әлеуметтік желідегі жаман әдеті туралы да айтты.
"Егер біреуді ренжітіп алсам, артық сөздер айтып қойсам, оған мән бермеңіздер. Менің жаман әдетім – тікелей эфирге шығып кету. Бірақ енді бұлай болмайды деп ойлаймын. Мен бұл дерттен арылуға байыппен кірістім. Жақында қатарға қосыламын. Бұрынғы көңілді, бақытты Данияр қайта оралады", – деді боксшы.
Еске салсақ, бұған дейін олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Астанада мас күйде көлік жүргізіп ұсталып, 20 тәулікке қамалғаны туралы жазған едік. Бостандыққа шыққаннан кейін боксшы ішімдікке тәуелділікпен күресіп жүргенін мойындады.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн