Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тістерімді түсіріп тастады": Ильнура Ғалымова күйеуінің тоқал туралы әңгімеден кейін өзін ұрғанын айтты

Блогерлер Айтуған мен Ерке, Ильнура
Фото: Видеодан скриншот / instagram.com/erkewoka

Блогер Айтуған Ғалымовтың бірінші жары Ильнура Ғалымова  НТК Show-ға берген сұхбатында отбасылық өмірінде болған ауыр жағдайлардың бірін айтып берді. Оның сөзінше, күйеуі екінші әйел алу туралы әңгімеден кейін оған қол көтеріп, соққы салдарынан тістерінен айырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ильнураның айтуынша, бір кезеңде Айтуған тоқал алу туралы әңгімені жиі қозғай бастаған.

“Бір күні одан: “Егер тоқал алсаңыз, ол қандай қыз болуы керек?” деп сұрадым. Ол осы сұрағыма қатты ашуланды. “Неге мұндай сұрақ қойып тұрсың? Егер тоқал алғым келсе, бәрібір аламын” деді”, – деп еске алды Ильнура.

Ол бұған келіспейтінін айтып, күйеуі екінші әйел алса, үйден кететінін жеткізген.

“Мен “Жоқ, алмайсыз. Егер алатын болсаңыз, мен балаларды алып, кетіп қаламын” дедім. Сөйтіп киімдерімді жинауға бара жатқанда арамызда қатты ұрыс басталды. Ол мені қатты ұрып, тістерімді түсіріп тастады”, – дейді Ильнура.

Оның сөзінше, оқиғадан кейінгі күні Айтуған Қытайға кеткен. Кейін оған ақша аударып жіберген.

“Ертесіне ол Қытайға кетті. Маған ақша салып жіберді. Мен омыраудағы баламды алып, Ташкентке тісімді емдетуге бардым”, – деді ол.

Ильнура бұл жанжалдың балаларға байланысты болмағанын да атап өтті. Оның айтуынша, сол кезде Айтуған мен кейін екінші жары болған Әсем қыз-жігіт ретінде араласып жүрген.

“Бұл жерде мәселе балаларда болған жоқ. Ол кезде екеуі қыз бен жігіт болып жүрген. Мен тоқал алуға қарсы екенімді айтқанда, ол ашуланды. Негізі мен басынан-ақ тоқал алуға қарсы болуым керек еді. Бірақ манипуляцияға түсіп, келісіп қойған сияқтымын”, – деді Ильнура.

Ильнура сұхбат барысында күйеуінің өзіне қоқан-лоқы көрсеткенін де мәлімдеді.

“Маған “Менен ажырасып кететін болсаң, басқа еркекке қарайтын болсаң, басқа еркек саған қарамайтындай етіп сені мүгедек қыламын” деді”, – деп мәлімдеді Ильнура.

 

Еске салайық, бұған дейін Erkewoka лақап атымен танылған Әсем әлеуметтік желідегі парақшасында сырға салу және ұзату тойынан кадрлар жариялап, тұрмысқа шыққанын хабарлаған еді. Кейін желі қолданушылары оның таңдауы әйелі және үш баласы бар блогер Айтуған Ғалымов екенін анықтап, бұл жаңалық қызу талқыға түсті.

Көп ұзамай Айтуған Ғалымовтың өзі де екінші рет үйленгенін жасырмай, екі отбасы бар екенін ашық мәлімдеді.

“Иә, менің екі отбасым бар. 15 миллион теңге қарызым бар, Аллаға шүкір! Кім не десе де, мен Алламен шыншылмын. Қандай болсаң да, адамға бәрібір жақпайсың”, – деп жазған еді блогер.

Артынша ол екінші жар алу туралы шешімін исламда бұған рұқсат етілгенімен түсіндірді. Ал Айтуғанның бірінші жары Ильнура Ғалымова кейін Әсеммен бірге түскен видеосын парақшасында жариялап, көп ұзамай өшіріп тастаған.

Ал жақында Әсем өзінің жүкті екенін де жариялады.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 25 Қыркүйек, 2026 20:25