Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш рет талақ деді": Айтуған Ғалымов пен жары Ильнура ажырасты

Блогерлер Айтуған мен Ерке, Ильнура
Фото: Видеодан скриншот / Instagram.com/erkewoka

Блогер Айтуған Ғалымовтың бірінші жары Ильнура Ғалымова Taboo-ға берген сұхбатында Әсемнің ұзатуына дейін болған жағдайлар мен күйеуінің өзіне қалай талақ бергенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ильнураның сөзінше, Айтуған Әсемге үйленер алдында оның ата-анасының келісімін алу үшін Атырауға барған. Сол сапарға Ильнураның өзі де бірге барған.

“Айтуған Әсемді ұзатып алатын кезде, ата-анасын көндіру үшін Атырауға мен де бірге бардым. Бірақ олар келіспеді. Ата-анасы менен “Сен бұл шешімге шынымен өз еркіңмен келіп отырсың ба, әлде Айтуған сені ұрып-соғып, қинап көндірді ме?” деп сұрады. Мен бәріне өз еркіммен келісіп отырғанымды айттым”, – деді Ильнура.

Оның айтуынша, сол кезде Әсемнің ата-анасы қызының жүкті екенін білмеген.

Сондай-ақ Ильнура Әсемнің ата-анасының көзінше Айтуғаннан екі отбасына бірдей қарай ала ма деп сұрағанын айтады.

“Сол жерде Айтуғаннан “Екі жаққа да бірдей қарайсыз ба?” деп сұрадым. Ол “иә” деді. Бірақ нәтижесінде олай болған жоқ”, – деді ол.

Ильнураның сөзінше, ұзатудан кейін ол да балаларымен бірге Қытайға баруы керек болған. Алайда кейін Айтуған қаражат жеткіліксіз екенін айтып, жол шығынын өзіне жинауды ұсынған.

“Ол маған “Сен жарнама алып жүрсің ғой, ақша жинап, балаларды алып өзің кел. Мұндағы барлық шығынды мен көтеремін” деді. Мен бұған ашуланып, келіспедім”, – дейді Ильнура.

Ол бұл шешіміне қаржылық қауіптен де қорыққаны себеп болғанын жеткізді.

“Өйткені ол жерде тек Айтуғанның емес, Әсемнің де қарызы бар еді. “Олар қарыздарынан құтылып алғаннан кейін, маған енді керегің жоқ деп тастап кетсе қайтемін?” деген ой болды. Сол себепті келіспедім”, – деді ол.

Ильнура сұхбат барысында Айтуғанның кейін өзіне телефон арқылы талақ бергенін де айтты.

“Айтуған маған өзі талақ берді. Қоңырау шалды да “Нұранбек Ильнура, телефонды құлағыңа тақа” деді. Сосын “Сен бөтен еркектен сыйлық алдың. Сол үшін саған талақ беремін. Менің енді әйелім жоқ, менің енді бір ғана аманатым бар” деді. Маған үш рет “талақ” деді”, – деп мәлімдеді Ильнура.

Оның айтуынша, сөз болып отырған сыйлық – Сейфолла есімді азаматтың Ұмраға берген жолдамасы.

“Маған Сейфолла мырза Ұмраға жолдама сыйлаған еді. Мен бұл туралы Айтуғанға алдын ала ескерттім. Ол кезде “жақсы” деп, келіскендей болған”, – деді Ильнура.

Ал заңды некені бұзу үшін ресми өтінішті Ильнураның өзі берген. Яғни діни тұрғыда Айтуған талақ айтқанымен, заңды түрде ажырасу рәсімін Ильнура бастаған.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 25 Қыркүйек, 2026 21:32