Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматыдан Астанаға ұшатын рейстің кешігуіне себеп болды
Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясының Астанаға ұшатын рейсінің ұшу уақыты кешіктірілді. Жолаушылардың бірі ұшу алдында сапардан бас тартып, ұшақтан шығып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Оның айтуынша, жолаушы ұшақтан шыққаннан кейін қалған жолаушылардан да борттан шығу талап етілген. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларын жүргізу үшін жүктерді де түсіру қажет болған, осыған байланысты ұшу кейінге қалдырылды.
Козачковтың мәліметінше, ұшудан бас тартқан жолаушы 2016 жылғы бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болған.

Әуе қауіпсіздігінің стандартты рәсімдеріне сәйкес, рейспен ұшпаған жолаушының жүгін тасымалдауға тыйым салынады.
Әуе компаниясы әзірге жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Астанада мас күйде көлік жүргізіп ұсталып, 20 тәулікке қамалғаны туралы жазған едік. Бостандыққа шыққаннан кейін боксшы ішімдікке тәуелділікпен күресіп жүргенін мойындады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді