Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал асаба Сабыржан Түзелбаев Шымкентте ұсталды

Белгілі асаба ұсталды
Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асаба ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, Астананың 36 жастағы тұрғыны Шымкенттегі қонақ үй кешендерінің бірінде ұсталған.

Қонақ үй бөлмесіне жүргізілген тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет пен өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметінше, ер адаммен бірге бөлмеде интимдік қызмет көрсетеді деген әйел де болған.

Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және “мак” екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын түсіндірген.

Қазір тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.

Полиция өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны, асаба болып жұмыс істейтін ер адам ажырасу процесінде жүрген жұбайының үйіне күтпеген жерден барып, оны қатыгездікпен соққыға жыққаны хабарланған еді. Оқиға салдарынан әйелдің анасы да зардап шеккен.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 25 Қыркүйек, 2026 20:02