Танымал боксшы Қуат Хамитовтың басы дауға қалды: "Найманды" полиция тұтқындады
Қазақстандық боксшы Қуат Хамитов Алматы қалалық ПД бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіге мониторинг барысында спортшының зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруға шақырып жатқаны видеосы анықталған.
"Қазір ҚР ҚК-нің 272 бабы 3 тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Азамат Хамитов Қуат тергеу шараларына байланысты ПД бөліміне жеткізілді. Тергеу амалдарының қорытындысына сәйкес процессуалды шешім шығарылады. Азамат Хамитовтың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді ПД өкілдері.
Елімізде жаппай тәртіпсіздікке, заңға бағынбаушылыққа және азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруға халықты шақырғаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу немесе айыру қарастырылған.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн