Шенеуніктердің шетелдегі шоттары: Ақша аударымдарына қатысты ақпарат жыл соңына дейін жарияланады
ЭДЫҰ елдерінің салық органдары арасындағы жеке және заңды тұлғалардың қаржылық шоттары туралы алғашқы ақпарат алмасуды 2020 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге шетелден шот ашуға шектеу қойылды. Осы мәселеге қатысты әрбір шенеуніктің ақша аударымдары туралы мәліметтері жылдың соңына дейін белгілі болмақ.
"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспары жаңартылады. Ақша аударымдарына қатысты заңнамалар жетілдіріледі. Осы жылдың соңына дейін ЭДЫҰ елдерінің салық органдарымен жұмыс жасайтын боламыз", - деді Смайлов.
2021 жылдан бастап Қазақстанға мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттарға және судьяларға шетелдерде банктік шоттар ұстауға тыйым салынады.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар