Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспийдегі әскери жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Каспий
Фото: Lada.kz

Каспийдегі әскери жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаза тапқандармен қатар хабар-ошарсыз кеткендер мен ауруханада жатқан әскери қызметкерлердің де есімдері белгілі болды.

Іздеу жұмыстары барысында төмендегі әскери қызметкерлердің денелері табылды:

1. Мадихан Азамат Болатбекұлы, 10.06.2007 жылы туған. Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласы, Көктем көшесі, 12/36 үйде тұрған;

2. Төлеген Ақылбек Қабенұлы, 11.02.2007 жылы туған. Маңғыстау облысының тумасы. Жармыш ауылында тұрған;

3. Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы, 21.03.2006 жылы туған. Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласы, Ақсу көшесі, 160-үйде тұрған;

4. Аяпберген Сержан Талғатұлы, 18.02.2006 жылы туған. Маңғыстау облысының тумасы. Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы, Аққорған көшесі, 12-үйде тұрған;

5. Мұхтарұлы Олжас, 09.01.2003 жылы туған. Түркістан облысының тумасы. Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ашекеев көшесі, ¼ үй мекенжайында тұрған;

6. Темірғалиев Жеңіс Тілеушеұлы, 08.05.2005 жылы туған. Батыс Қазақстан облысының тумасы. Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 28/2 үй мекенжайында тұрған;

7. Көбенов Алмас Жүсіпұлы, 23.01.2006 жылы туған. Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан аймағында туған. Мұнайлы ауданы, Баянды-3 ауылы, 94/1 үй мекенжайында тұрған;

8. Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы, 23.04.2007 жылы туған. Батыс Қазақстан облысының тумасы. Бәйтерек ауданы, Аурухана көшесі, №3 үй мекенжайында тұрған;

9. Жаңабай Асет Саматұлы, 19.09.2006 жылы туған. Маңғыстау облысының тумасы. Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Құрылысшы көшесі, 14/3 үй мекенжайында тұрған;

10. Бегей Дастан Нұрболұлы, 03.09.2007 жылы туған. Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласы, Рахат көшесі, 12-үйде тұрған;

11. Диханбаев Олжас Тәжібайұлы, 14.01.2005 жылы туған. Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласы, Өмірзақ Нұрбаев көшесі, 72-үйде тұрған;

12. Гилаж Ақжайық Болатбетұлы, 15.09.2006 жылы туған. Батыс Қазақстан облысының тумасы. Орал қаласы, А. Скоробогатов көшесі, 24-үй, 67-пәтерде тұрған.

Тізім
Фото: Қорғаныс министрлігі

Хабар-ошарсыз кеткендер қатарында:

13. Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы, 02.06.2007 жылы туған. Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ақжайық ауданы, Еркебаев көшесі, 44-үйде тұрған;

14. Тұрдыбекұлы Мирас, 17.08.2007 жылы туған. Маңғыстау облысының тумасы. Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы, Ардагер көшесі, 64-үйде тұрған.

Маңғыстау облыстық ауруханасында ауыр жағдайда жатыр:

1. Темерхан Ақжол Тимурұлы, 11.08.2007 жылы туған. Маңғыстау облысының тумасы. Жаңаөзен қаласы, Көктем көшесі, 19-35 үй мекенжайында тұрған.

Еске салсақ, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Алғашқы ресми мәліметте тоғыз әскери қызметкердің қаза тапқаны, үшеуінің құтқарылғаны хабарланған еді.

Кейін іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметкердің денесі табылғаны хабарланды. Осылайша, қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Үш әскери қызметші құтқарылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін өңірге қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия жіберілген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

Президент Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 24 Қыркүйек, 2026 20:53