Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде тағы екі әскери қызметкердің денесі табылды
Ақтау маңында Каспий теңізінің акваториясында әскери қызметкерлерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Редакция тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында оқу-жаттығу кезінде жоғалып кеткен тағы екі әскери қызметкердің денесі табылып, жағаға шығарылды.
Қазір тағы бес адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Оқу-жаттығуға қатысқан әскери қызметкерлердің арасында қаза тапқандар да болған. Олардың әскердегі қызметін аяқтауына 8-9 күн қалғаны белгілі болды.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында әскери оқу-жаттығу өткізу кезінде толқын 19 әскери қызметкерді теңізге алып кеткен. Қорғаныс министрлігі тоғыз әскери қызметкердің қаза болғанын растаған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
