Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Фото: gov.kz

Қазақстанда Каспий теңізіндегі әскерилердің қаза табуына байланысты 25 қыркүйек  Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тиісті үкімге президент қол қойды. 

“Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Еске салсақ, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Алғашқы ресми мәліметте тоғыз әскери қызметкердің қаза тапқаны, үшеуінің құтқарылғаны хабарланған еді.

Кейін іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметкердің денесі табылғаны хабарланды. Осылайша, қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Үш әскери қызметші құтқарылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін өңірге қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия жіберілген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

Президент Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 24 Қыркүйек, 2026 19:05