Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелде жүрген қазақстандықтарға қазанға дейін елге қайтуға кеңес берілді

Қазақстан Республикасының көлік жөніндегі бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов шетелде жүрген азаматтардан қазан айының басында елге оралуын сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шет елдерде жүрген немесе шекара асуды жоспарлап жатқан қазақстандықтар қазанның басында елге қайтуға кеңес беремін. Вирустың асқынуы күтілуде. Ұшқандардың бәрі елге оралғаны жөн. Біз олардың шетелде қалып қалуын қаламаймыз, өйткені суық мезгіл басталған кезде коронавирус ауруының маусымдық түрде өсуі күтіледі", - деді Сәдуақас Байғабылов.

Қазақстан Республикасының көлік бойынша бас санитарлық дәрігері қазақстандықтарды барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауға шақырды.

"Біз азаматтардан барлық сақтық шараларын, әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз. Азаматтар маскаларды көліктегі қауіпсіздік белдігі сияқты тағуы керек, яғни бұл үнемі жалғасатын ереже болуы керек. Тұрғындар жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсініп, жанындағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қараса дейміз", - дейді ол.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының көлік саласындағы бас санитарлық дәрігері шетелден келген азаматтар сақтауы керек ережелер туралы хабарлаған болатын.

Талқылау