"Семей орманындағы" өрттен кейін ондағы қызметкерлердің жалақысы өсті ме: Министрлік жауап берді

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер вице-министрден “Семей орманы” резерватындағы өрттен кейін қызметкерлердің жалақысы өсті ме деп сұрады.
“Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2022-2024 жылдар аралығында барлық азаматтық қызметкердің жалақысы екі есе, яғни 100% артты. Сонымен қатар орман өрт сөндіру станцияларындағы қауіпті еңбек жағдайларына байланысты өртті сөндіруге қатысатын барлық қызметкерге 100% көлемінде үстемеақы қарастырылған. Орташа жалақы мөлшері мынадай: өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі – еңбек өтіліне байланысты 275 мың теңге, орман өрт сөндіру станциясының басшысы – 355 мың теңге, орман өрт сөндірушісі – 250 мың теңге. Ал ормандарда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесінде жұмыс істейтін мемлекеттік инспекторлардың жалақысы бұдан да жоғары”, – деді вице-министр.
Сонымен қатар ол қауіпті еңбек жағдайлары үшін төленетін 100%-дық үстемеақы қарастырылмаған қызметкерлер туралы да айтты.
“Олар әкімшілік қызметкерлер, маусымдық негізде жұмысқа тартылатын жұмысшылар, бухгалтерлер мен экономистер. Олардың орташа жалақысы шамамен 150-160 мың теңге. Бұл шаруашылықта жұмыс істейтін қызметкерлердің ең төменгі жалақы мөлшері”, – деді Шәрбиев.
Еске салайық, 2023 жылы 9 маусымда Абай ауданында 30 мың гектарға жуық аумақты шарпыған өрт шыққаны белгілі болды. Салдарынан "Семей орманы" табиғи резерватында болған ірі өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.
Кейін Абай облыстық соты 2023 жылдың жазында аймақта болған ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды. Абай ауданындағы ірі орман өртінен қаза тапқандар ісі бойынша сот шешім шығарды. Сотта екі айыпталушы болды: біреуі бұрын “Семей орманы” резерватының бастығы және қорықтың Новошульбі бөлімшесінің бастығы лауазымына жіберілген. Оларға Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша айып тағылды. Істі қарау алты айдан астам уақытқа созылды.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Оқыңыз