Министр жедел штабты өзі басқарады: Абай облысындағы орман өрті 30 мың гектарға жайылды
Абай облысындағы орман өрті 30 мың гектарға жайылған. Алапат отты сөндіру үшін құрылған жедел штабты басқаруға министрдің өзі келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметіне сүйенсек, Юрий Ильин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатып, жедел штабты жеке өзі басқаруға келген. Қазіргі уақытта өрт ауданы 30 000 га құрайды. 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
“Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылған. 6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тоннаны құрайды”, - делінген ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін орман өртіне байланысты 3 ауылдың халқы үдере көшкенін жазған едік.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"
