Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды
Саясат Нұрбек жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты болған. Сонымен қатар BTS Digital білім беру жобасын басқарып, BTS Education бас директоры болған еді. "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық Саясат Институтының директоры, Білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Президенті болып жұмыс істеген.
Елімізде Саясат Нұрбектің есімімен байланысты дау туындаған еді. Бұл кезде Жаңа мамандықтар атласын құрастыру үшін бюджеттен 1 миллион долларға жуық қаржы бөлінген. Ал қаржының бір бөлігін Саясат Нұрбекке тиесілі “BTS Education” ЖШС алған.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу туралы қаулыға қол қойған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі