Сәтбаев полицейлері 5 жасар қызды пәтерде зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды
Қарағанды облысында полицейлер пәтерде жылап жатқан 5 жасар қызды 50 жастағы ер адамнан құтқарып қалды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ер адам болжам бойынша, бүлдіршінді зорламақ болған. Полицейлердің жеделдігінің арқасында бүлдіршін аман қалды.
«Қыздың 40 жастағы әкесінен арыз түскен бойда, тінту жүргізіп, тұрғындардан жауап алдық», – дейді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Полицейлер тінту кезінде, қыз бала жатқан пәтерді тапты.
«50 жастағы ер адам ұсталды. Ол бүлдіршінді зорлау үшін алдап пәтерге алып келгенін мойындады. Қазір сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша қамау изоляторында», – дейді Бақытжан Құдияров.
Тағы да оқыңыз:
Балгер 3 жасар қыздың ішіне 7 инені сұғып жіберген (фото)
Теміртауда бүтін бір отбасы саңырауқұлақтан оңбай уланып ауруханаға түсті
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады