Балгер 3 жасар қыздың ішіне 7 инені сұғып жіберген (фото)
Оқиға Батыс Бенгалияда болды. Дәрігерлер қолы сынған күйі жеткізілген қыз баланы рентгеннен өткізеді. Олар баланың ішінде көлемі 5 см болатын 7 ине барын байқайды.

Қыз балаға дереу ота жасалды. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп, анасының қожайыны күдікке ілінді. Қыз баланың анасы сол адамның үйінде қызметші болып жұмыс істейді. Үй иесі балгерлікпен айналысады.

Ол қара магиямен айналысатын болғандықтан баланың ішіне инелерді сұғып жіберген деген күдікке ілінді. Анасының айтуынша, қызы инелемен бірге 15-20 күндей жүрген. Балгер қыз балаға қол көтергендіктен оның қолы сынып, сол үшін ауруханаға жеткізілген екен.
Тағы да оқыңыз:
Дәрігерлер ине жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
Теміртауда бүтін бір отбасы саңырауқұлақтан оңбай уланып ауруханаға түсті
Кесте: Бойыңыз бен салмағыңыздың сәйкестігі қалай болу керек?
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"