AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің қателіктерімді жібермеңіздер": Пойыз астына түсіп, қол-аяғынан айырылған жігіт өмірін өзгерткен оқиғасын айтты

25 жастағы Саламат Булатов осыдан бірнеше жыл бұрын пойыз астында қалып екі аяғы мен бір қолынан айырылған. Қайғылы жағдай жас жігіттің өмірін толықтай өзгерткен. Қазір Саламат жаңа өмір бастаған, жастарға өмірде кезіккен проблемаларына қатысты ақыл-кеңестерін береді. Stan.kz тілшісі Саламаттың жағдайын сұрап, мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай мүмкіндіктер жетіспейтінін білді. 

Саламат Булатов маркетолог болып қызмет етеді. Қазір Алматыдан Ақтөбеге көшкен. Басына түскен қайғылы жағдайдан соң Саламат мүгедек болып қалған. Қазіргі уақытта оған шынтақ буынынан жоғары протез алу үшін қомақты қаражат - 37 миллион 795 мың теңге қажет.

Жақындарымның сенімі арқасында аяққа тұрдым

Аяққа тұрып, өмірге қайта бет бұруым достарым, ата-анам мен жақындарымның арқасы деп есептеймін. Олар маған қатты сенім артты. Осы сенімнің арқасында аяққа тұрдым деп айта аламын. Қазір Алматыдан Ақтөбеге көшіп келдім. 

Қазақстанның барлық қалаларындағыдай мұнда да басты проблема - жолдар. Қаладағы инфрақұрылым мүмкіндігі шектеулі адамдарға жүріп-тұруға мүмкіндік бермейді. 

 

2018 жылдан бастап протезбен жүремін, күнделікті өмірде маған Ольга есімді қалыңдығым көмектеседі. Жасы 24-те, осы жазда үйленуді жоспарлап жүрміз. 

Рельс бұрылысына аяғым ілініп, шықпай қалды

Қайғылы жағдай 2018 жылы 27 шілдеде болды. Үлкен компанияда жұмыс істеп жүрдім. Жұмыстан кеш қайтып бара жатқанмын, Африка елдерімен келіссөздер жүргіздім, сағат айырмашылықтары бар болғандықтан, (ол жақта күндізгі уақыт, бізде түнгі 3)  жұмыстан түнгі 3-ке қарай қайтуға тура келді. Күндіз күні бойы кеңседе отырған соң жүріп қайтамын деп шештім. Таза ауа жұтып, біраз жаяу жүрдім, жолдан өтіп такси ұстаймын деп ойладым. 500 метр жерде пойыз келе жатыр екен. Футболмен айналысқандықтан, жолды жылдам кесіп өтемін дедім. Алайда пойыз жолды өтіп бара жатқан сәтте рельстер бұрылған жерде аяғым ілініп қалады. Қатты шошып қалып, не істерімді білмедім.  

Басыма келген жалғыз шешім ыңғайланып жату, пойыз тиіп кетпейтіндей жағдай жасау еді. Пойыз өткен соң аяғымды шығарып алар едім. Сынса да, бірақ сау қалар еді. Алайда пойыз керісінше дәл мен жатып қалған жақпен жүріп өтеді. Басым вагонға ілініп кетіп, мені сүйреп өтті. Осылайша мен қолым мен екі аяғымнан айырылдым. 

Содан соң жедел жәрдем, полиция оқиға орнына келді. Олар маған қарап қатты таңғалды. Көп қан жоғалттым, не болып жатқанын түсінбедім. Америкалық қорқынышты фильмдердегідей болды. 

Психологқа барған жоқпын, жағдайдың не себепті, қалай болғанын түсініп тұрдым. Әрине, қатты өкініш болды. Осы жағдайға үйренісу өте қиын еді. Ата-анамның мен үшін қатты алаңдағанын естіп, енді бұдан былай оларды жылатпаймын, көңіліне қаяу түсірмеймін деп шештім. "Қиналып жатырмын, ауырып жатырмын" деп шағымданбайтын болдым. 

Бар күшімді жинап, қазір жаңа өмір бастадым. Әрине, мен де адаммын. Сондықтан стресске түсіп, көңілім құлазитын сәттер болып тұрады.  Алайда бір-екі күнде бәрі орнына келеді. 


Ауылдан шыққан қарапайым жігіт Голливудқа қалай жеткенін айтты 


Жақсы күйеу ретінде елестете алмадым, өзімді ешкімге керексіз сезіндім

Болған жағдайдан соң бірінші некемді бұзуға тура келді. Бұрынғы әйелім өте мейірімді, жақсы адам. Көп қолдау көрсетті. Қандай жағдай болмасын мен оған алғыс айтамын. Қайғылы жағдайдан соң екеуміз ажырасып кеттік. Әркімнің өз көзқарасы, түсінігі болады, мен оны түсінемін. Некені бұзуды өзім ұсындым. Себебі жақсы күйеу ретінде өзімді елестете алмадым. 

Осы сияқты жағдайға тап болған адамдар менен кеңес алу үшін жазып тұрады, бірақ көбіне ұялады. Артық сұрақ қоюға қорқады, менің көңіліме тиеді деп ойлайтын шығар. 

Көбіне ажырасқан қыздар жазып, кеңес сұрайды, отбасында ата-анасымен қарым-қатынаста проблемалары барлар хабарласады. Осындай жастарға барынша көмек беруге тырысамын. 

Мен сияқты жағдайға түскендерге кеңестерім: 

  • Ең бастысы ештеңеден қорықпаңыздар. Мен жіберген қателіктерді жібермеңіздер.
  • Өзімді ешкімге қажетсіз сезінген уақытта көп адамнан бас тарттым. Біз үшін уайымдап, дұғада жүрген адамдар көп. Мұндай адамдардан бас тартпау керек. Себебі олар қасыңызда сізді аяғандықтан емес, сіз олар үшін шынымен де қымбат болғандықтан қасыңызда. 
  • Ең басытысы сенім. Тек қабірдің ішінен шығар жол жоқ. Басқа мәселенің шешімін табуға болады. Бүгінде медицина дамып жатыр, түрлі технологиялардың жасалып жатқанын көріп отырмыз. 

 

Мүгедектерді аяу оларды іштей өлтірумен тең

Қазақстанда да адамдардың аяқ-қолын толықтай алмастыра алатын протездер болады дегенге сенемін. Кеңесін тықпақтайтын адамдардан аулақ жүруге тырысу керек. Көп жағдайда адамдар біреудің ісіне араласқанды құп көреді. Ең бастысы, мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты аяушылық сезім білдірмеңіз. Себебі бұл сіз сезіне алатын сезімдердің ең сорақысы. Осы сезіммен адамды іштей өлтіріп тастай аласыз. Сол себепті керісінше, қолдаңыз. 

Ата-анам, інілерім, достарым маған көмек берді. Өзімді ешкімге керексіз сезінсем де, бұл кезеңді аттап өттім. Өзіңе деген аяушылық сезімнен құтылдым. Содан соң бұл басқа адамдардың проблемаларымен салыстарғанда түкке тұрмайтынын түсіндім. Өзгелермен салыстырғанда жағдайым жаман емес. Мәселен, Ник Вуйчичке қарап менен жағдайы нашар, бірақ сау адамнан сапалы өмір сүретіндер бар екенін көзім жетті.

Менің жолым - адамдарды рухани байытуға тырысу, кеңес беру деп ойлаймын. Мен бастан өткерген оқиғаны біліп, өзіне қажетін алса деймін. Себебі менің оқиғамда махаббат та, айырылысу да, жарақат та болды. Адамдарға өзін толғандырған мәселелер бойынша ақыл-кеңес бере аламын деп ойлаймын. 


"Ата-ананың өзінде психологиялық проблема болуы мүмкін": Жасөсірімнің психологиялық ауытқуға ұшырағанын дер кезінде қалай анықтауға болады? 


Саламат Булатовқа көмек берем деушілерге: 

Каспий: 5169 4971 5788 4085
номер: 87759603424 
Булатов Саламат Ергалиевич

 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр