Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбит Әбдіхалықов үлкен ұлы мен үшінші әйелінің бірге түскен суретін жариялады

Сәбит Әбдіхалықов үлкен ұлы Асылжан мен қазіргі жары Динара Абдуллинаның бірге түскен суретін жариялады. Бұл фото оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. 

Продюсер қос ұлы мен әйелінің бірге түскен суретін жариялады. Бұл әрекеті көпшілік арасында қызу талқыда. 

Бірі олардың татулығына қайран қалды, бірі әдейі хайп үшін жарнама жасады деп сөз етті. 

Әбдіхалықовтың Айгүл Иманбаевадан туған ұлы бала күнінен әкесімен жақын араласады. Тіпті бұл туралы желіде ашық жазады. Анасың өзі Айгүл Иманбаева да бұрынғы күйеуін үшінші некесімен құттықтап, алған жарын асыра мақтағаны есте. 

Продюсер ұлды болғанда да бірінші болып құттықтауын білдірген еді. 

Ал Асылжан Сәбитұлы әр қуанышта әкесінің жанынан табылуға тырысады. Дәл осындай көріністердің бірін әкесі желіде жария етті. 

“Неткен әдемі көрініс, сізге ризамын”, “Үш әйеліңіз де өнер адамы, қандай бақытты азаматсыз”, “Алла ұл да, қыз да берді, бақытыңыз баянды болсын”, “Бұл әйеліңіздің де, ұлыңыздың да, Айгүл ханымның да көрегендігі”, “Ер азаматтың мықтылығынан бәрі”, “Ондай отбасылар көп қой”, “Бұлай үлгі көрсетпей-ақ қойсын”, “Бұл оқырман жинаудың әдісі”, “Әншілерге дауа жоқ”, – деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, биыл ақпан айының басында Әбдіхалықов ұлды болды. Бұл – Әбдіхалықовтың жетінші перзенті. Актердің Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар. Сондай-ақ үшінші некесінен екі атұстары өсіп келеді. 50-ге тақаған шағында ұлды болған продюсер оған Абадан деп ат қойды. Жуырда бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаеваның тойына қатысқан Әбдіхалықов оны өзі ұзатқысы келетінін айтқан еді.


Үш ұлының суретін жариялаған Сәбит Әбдіхалықов елді сүйсінтті 

Талқылау