Сәбит Әбдіхалықов жетінші перзентіне ерекше ат қойды
Актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов жетінші перзентіне қандай ат қойғанын жариялады. Ұлын Абадан деп атаған ол ерекше есімнің мағынасын түсіндірді, деп жазады Stan.kz тілшісі.
"Қадірлі ағайын, бірнеше күннен бері менің қуанышымды бөлісіп, жақсылығыма ортақ болып жатқан достарыма, туған-туысқа, жалпы қазақ жұртына алғысымды білдіремін. Ұлымның есімін ақылдаса келе Абадан деп қойдық. Абадан есімінің мағынасы көкжалдардың үйірін бастайтын қолбасшы, ержүрек бөрі дегенді білдіреді.
Атына заты сай азамат болсын. Қуанышты бөліссең, көбейеді. Әрбіріңізге осындай жақсылық жұғысты болсын", – деп бөлісті ол.
Айта кетейік, бұл – Әбдіхалықовтың жетінші перзенті. Актердің Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар. Сондай-ақ үшінші некесінен екі атұстары өсіп келеді.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді