Сәбит Әбдіхалықов экс-жұбайы Иманбаеваны ұзатқысы келетінін айтты
Сәбит Әбдіхалықов экс-жұбайы Айгүл Иманбаеваны ұзатпақ. Иманбаеваның 45 жас тойына қатысқан актер оған осылай деп тілегін білдірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз өмірден өткеннен кейін де біздің тарихымыз, ұрпағымыз жалғасады. Сол үшін аман бол. Құдай қаласа, баламыздың қуанышын көріп, үйлендірейік. Оған дейін амандық болса, мен сені қолдан ұзатып жіберейін", - деп ақжарма тілегін жеткізген.
Көпшілік бұрынғы жұбайлардың сыйластығына қайран қалды.
"Айгүл мен Сәбит күшті сыйластықта қалған. Айгүл Сәбиттің ауылдағы ата-анасымен де жақсы қарым-қатынаста", "Ортада ұлдары бар, сыйластықта қалғандары дұрыс", "Осындай сыйластықта болу үлкен ақылдылық. Тәнті болдым", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Қазақстандық ер адам үш баладан кейін вазэктомия жасауға бел буды: Алайда дәрігер әйеліне ота жасауға кеңес берген
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған