Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келген тыңдарманның кеудесінен итеріп, ұятқа қалды
Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келген тыңдарманның кеудесінен итеріп, ұятқа қалды. Оқиға Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттердің бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары Рымбаеваның бұл әрекетін қатаң сынға алды. Олардың бірі ер адамды итергені үшін сөксе, ендігілері "тек жанды дауыста ән айтамын" дейтін Халық әртісінің сахнаға фонограммамен шыққанына таңғалды.
"Ойбу, ер адамды сонша итергені несі? Ұяттау болған екен", "Фонограммасы көрініп қалды-ау", "Халықтан биік емес қой", "Ұят болды ғой", "Фонограмма екені анық көрінді ғой", - деп жазды оқырмандар.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды