Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бұл жолы өз аяғымен келді”: Қайрат Нұртас жанкүйеріне ерекше құрмет көрсетті (видео)

Қайрат Нұртас жанкүйеріне ерекше ықыласын көрсетті. Әнші бала күнінен өз өнерін сүйіп тыңдайтын қызға зор ықылас танытты. 

“Машалла! Міне, Алланың құдіреті! Кішкентай кезінен менің барлық ән кештерімді қалдырмайтын, бұл жолы өз аяғымен келді. Қуанышымда шек жоқ! Барлық күш те, қуат та, шипа да тек Аллада! Үміттеріңізді ешқашан үзбеңіздер! Қарындасымның ғұмыры ұзақ, дені сау болсын!” – деп жазды Қайрат Нұртас.

Әнші тыңдарманының аяққа тұрғанын айтып, қуанышына ортақтасты. Бала күнінен әндерін тыңдап, концертінен қалмайтын қызға зор денсаулық тіледі. Желі қолданушылары да ақ тілегін жаудырды. 

“Дертін берген Алла, шипасын да береді деген рас екен”, “Жолыңыз ашық болсын”, “Мен қашан көреді екенмін”, “Әнмен де адам емделеді, шипасын берсін”, “Алланың құдыреті күшті”, “Құдіреті күшті Алла”, “Сізді жақсы көремін ғой қатты қаттты, бақытты болыңыз”, “Күшті, Қайрат сенің жолынды берсін”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау