AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нумеролог: Қайрат Нұртастың ажырасатынын, екінші әйелі болатынын осыдан 5 жыл бұрын болжадым

Қазақстандық Бауыржан есімді нумеролог осыдан 4 жыл бұрын Қайрат Нұртастың ажырасатынын болжаған. Одан бөлек, әншінің екінші әйелі пайда болатынын, бесінші баласы дүниеге келетінін айтқан. Нумеролог 2018 жылы жазған постын көрсетіп, өз болжамдарының орындалғанын көпшілікке көрсетті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті достар, өкінішке қарай, Қайрат Нұртасқа қатысты 2018 жылы берген болжамдарым орындалды. Осыдан 5 жыл бұрын Қайраттың Жұлдызбен ажырасатынын, мұны көпке дейін жасыруға тырысатынын және өмірінде басқа әйелі болатынын айттым. Видео дәлелдер мен скриншоттарды назарларыңызға ұсынамын", –  дейді нумеролог.

Естеріңізде болса, бірер күн бұрын Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің ажырасқанын растаған еді. 

"Болжамымды жариялаған кезде, Жұлдыз менің парақшама кіріп, стористерімді қараған. Ал былтыр Нұртас отбасына жақын адамдар менің кеңесіме жазылды. Бірақ ол туралы (авт. – Қайрат) талқыламадық. Демек, болжамдарымның орындалатынына олардың көзі жетті, бірақ айта алмады", - дейді нумеролог. 



2018 жылғы постында нумеролог шынында да өзі айтқан деректерді келтірген.

"Бұл жігіт әйелдер қауымының назарында болғанды ұнатады. Қыздар да оның артынан қалмайды. Себебі оның харизмасы, тартымдылығы жоғары. Өзі де кет әрі емес. 2019 жылы оның өмірінде жаңа махаббат пайда болуы мүмкін. 2019-2020 жылдары бесінші баласының дүниеге келуі бағдарламасында бар. Жалпы бұл әртіс көпбалалы болуы керек. Қазір төрт баласы болса, болашақта алты балаға дейін баруы мүмкін. 

Сондай-ақ оның бағдарламасында екінші неке бар. Бірақ ол үшін ата-анасының абыройы биік. Отбасы мен жақындарын ренжітпеу үшін, ол мұны құпияда ұстауы мүмкін", – деп жазған нумеролог 2018 жылдың сәуірінде жариялаған постында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр