AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдыз бен балалары жоқ": Қайрат Нұртас туған күнін Мальдивте қарсы алды

Қайрат Нұртас 33 жаста! Меншікті мерекесін ерекше атап өтуді дәстүрге айналдырған әнші бұл жолы Мальдив аралдарына аттанды. Тек жанында жұбайы Жұлдыз бен балалары жоқ. Есесіне анасы мен туған бауырлары, тіпті болашақ келіні хитменнің қуанышына ортақтасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Нұртаспен бірге Мальдивке 30-ға жуық адам барған. Олар алты күн бойы хитменмен бірге демалып, оның әндерін тыңдап, түрлі ойын ойнауға мүмкіндік алған. Олардың ішінде Қайраттың анасы мен қос бірдей інісі Аян мен Заңғар бар. Сондай-ақ, жақында үйленетінін жария еткен Заңғардың болашақ қалыңдығы да Мальдивке аттанған. Есесіне Қайраттың өз жұбайы мен балалары жоқ. Мұны көпшілік түсінбей, әнші мен оның анасын сынға алуда.

"Тек анаң үшін қуанып тұрсың, бірақ жүрегің жылап тұр. Қасыңда балаларың жоқ", "Өкінішті, бала-шағасы жоқ қасында", "Отбасымен өткізгенге не жетсін", "Неге балаңызды өз еркіне жібермейсіз, Гүлзира ханым", "Отбасына қосылып, бақытты болсын. Отбасыдан асқан бақыт жоқ", – деп жазды желі қолданушылары.



Қайрат Нұртас бұл сапарға балаларын алып баруды қалаған. Тек "қанша тырыссам да, бұйырмады" деген әнші бұған дейін әсерлі видео жариялаған еді. Онда Қайрат балаларының ән айтқан сәтін көзіне жас ала отырып тамашалауда. 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр