AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қош бол, Оригиналым": Жануарын жоқтаған Әбдіжаппар Әлқожа сынға ұшырады

Күні кеше 30 мың адамға көкпар берген Әбдіжаппар Әлқожа асыл тұқымды тұлпарынан айырылып қалды. Әншінің жылқысы көкпарға аз уақыт қалғанда өлген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қош бол! Оригиналым.
Жатқан жерің жайлы болғай.
Сен мен үшін N-1 ат болып мәңгі қаласың!
Сен чемпион едің!
Сен ең үздік едің!
Сен мақтаныш едің!
Сен адал едің!
Сен Оригинал едің!

22-сі болатын Үлкен тойымды көрмей кеттің ғой. Маған келер тіл, көзді сен алып кеттің ғой сонда. Қасиетіңнен айналдым. Алла сен арқылы ақыретімде сүйіншілесін. Енді қазақ көкпары Оригинал деп шуламайды!" – деп жазды әнші желідегі парақшасында. 



Фанаттардың бір тобы жануарды жоқтаған әншіні түсінбей, сынға алса, екіншілері қолдау білдірді. 

"Қазақ тарихында аты қалған Ақан сері мен Құлагерді бәріңіз білетін боларсыздар? Құлагерден айырылғанда Ақан қандай күй кешті?! Әбдіжаппардың да қазіргі халі соған ұқсайды. Айтсақ жылы сөзімізді айтайық, әйтпесе дұрысы үндемеңіздер. "Арам достан адал атым артық" деген", – деп жылы лебізін білдірді оқырманның бірі.

Айта кетейік, әнші 22 ақпан күні Жетісайда 30 мың адамға көкпар беріп, сүндетке отырған ұлдарының құрметіне дүркіретіп той жасады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр