Ернар Айдар сахналық костюмін жас тыңдарманына сыйлады
Ернар Айдар тағы бір қайырымды ісімен көзге түсті. Әнші өзінің сахналық қымбат костюмін жас тыңдарманына сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айқын есімді жеткіншек Ернар Айдардың жас тыңдарманы. Әншінің концерттерінің біріне қатысқан ол сахнаға шығып, Ернардың танымал әндерінің бірін орындаған. Сол сәтте Ернар Айқынға өзінің сахналық костюмін сыйлауға уәде берді. Көп ұзамай, Айқынның үйіне қонаққа барып, сыйлығын табыстады.
"Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу" демекші, Айқын ініме уәде берген сахналық бір киімімді сыйға тарттым", – деп жазба қалдырды Ернар желідегі парақшасында.
Жылқыға таңба басқан Өмірқұл Айниязов жұрттан сөз естіп қалды
Көпшілік сөзінде тұрған әншінің әрекетіне риза болды.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы