Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылқыға таңба басқан Өмірқұл Айниязов жұрттан сөз естіп қалды

Өмірқұл Айниязов жылқыға таңба басқан сәтін видеоға түсіріп, желідегі парақшасына жариялады. Әнші бұл қылығы үшін жұрттан ұрыс естіп қалды. Алайда Айниязов қазіргі ерлердің "нәзік" болып кеткенін айтып, сын айтқандардың өздеріне қарсы шықты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осындайды салмасаңыз болар еді ғой", "Денем түршігіп кетті", "Жануарға мұндай қатыгездік танытқаның үшін айыппұл салу керек саған", "Күн суықта обал ғой", "Неге саласыз? Жаным ашып кетті жылқыға", "Заманауи сырға, чип орнатуға болады", "Обал-ай",- - деп жазды оқырмандар. 

Бұдан кейін Айниязов елдің пікіріне таңданып қалғанын айтты. 

"Пікірлер маған қызық болып көрінді. Оның ішінде еркектер сонша нәзік болып кеткен бе деп ойладым. Тайға таңба басқанды көрмеген ба? Барлығы сондай шошынып қарап жатыр. 

Малды жығып, таңбаны қыздырып, тайға басатынын бала күнімізден көріп өстік. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салты, кәсібі десе де болады", - деді әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі таңба басу кезінде жаңа әдісті қолданғанын, оның малға еш зияны жоқ екенін атап өтті. 

"Қызарып тұрмағанын көруге болады. Бұл қазіргі жаңа "азотпен басу" әдісі. 180 градустағы мұздай темірді басады. Ол жердің жүнін өсірмей тастайды және ауырлығы тек ара шаққан сияқты әсер етеді. Жануарға зияны жоқ", – деді өнер иесі.

 

 

Талқылау