"Әлсіз болуға хақым жоқ": Ақбота Сейтмағамбет балаларын қалай жалғыз тәрбиелеп отырғанын айтты
Ақбота Сейтмағамбет өмірдің сынағына қарамастан, қалай аяққа тұрғанын айтты. Балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған актриса мұндай жағдайда қалай жұмыс істеп үлгеруге болатынын түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әр нәрсенің қайыры бар, Алла өзі реттеп, жеңілдігін беріп қояды екен. Әрине оңай емес, бірақ мойнымдағы аманатым болғандықтан, әлсіз болуға хақым жоқ! Мен анамын 40 жанды", – деп бөлісті Ақбота.
Сондай-ақ, әнші алға ұмтылу үшін шабытты қайдан алатынын түсіндірді.
"Бірқалыпты жүру мүмкін емес, бірсарынды өмір қайда? Әртүрлі күйді бастан кешіруге тура келеді. Бірде қуанып, шабытпен ұшып жүресің де, бірде сүрініп құлап еңіреп жылап отырасың. Ең мықты адам ғана жығылған жерінен тұрып, тізесін қағып, бұл мен үшін соңы емес, менің жеңісім алда деп нық сеніммен алға жүретін адам. Үп еткеннің бәріне құлай беру маған тән нәрсе емес! Өзімді әрқашан рухты, берік, төзімді жандардың қатарынан көремін", – деді Сейтмағамбет.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
