"Жүрегім тас әрі қола": Мөлдір Әуелбекова көпшілікке сыр шертті
Екінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты сыр шертті. Әнші жүрегінің тас болып қалғанын айтып, енді тұрмысқа шығу мүмкіндігін жоққа шығарды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әуелбекова жуырда жол апатына түсіп қалғанын айтты. Әншінің айтуынша, апаттан кейін бұрынғы күйеуі өзі сыйлаған көлікті тартып алған. Ол аздай, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен. Әуелбекова экс-жарынан көңілі қатты қалғанын айтқан еді. Бұл жолы әнші көпшілікке сырын ақтарды.
"Енді ерімейтіндей сіздің жүрек қола не тастан емес қой?" – деген Instagram оқыранының сауалына:
"Дәл қазір қола әрі тас. Сол қоланы ерітетін, тасты жібітетін жігіттің барына сенімсізбін", – деп жауап берді.
Әйткенмен әнші әлі де біреуге ғашық болу мүмкіндігін жоққа шығармады.
"Енді ессіз ғашық болмаймын демедім", - деді Мөлдір.

Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған