AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуелбекованың экс-күйеуі өзі сыйлаған автокөлікті тартып алып, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен

Мөлдір Әуелбекова басынан өткен жайсыз хабарды жеткізді. Әнші бұрынғы күйеуі сыйлаған автокөлігімен жол апатына түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен айдаған бэнтли бар емес пе еді? Сомен жол апатына түсіп қалдым. Алла сақтап, дін аманбыз", - деп бөлісті Әуелбекова. 

Сорақысы сол, бұл көлікті сыйлаған әншінің экс-күйеуі апаттан кейін оны тартып алған. Ол аздай, жөндеуіне қомақты қаржы талап етуде. 



"Бұл бэнтлиді маған сыйлаған еді. Енді, осы дтп үшін сол сыйлаған адам алып қойып, еще бамперін жөндетуге 5 млн теңге ақша талап етіп отыр. Ужас! Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы деген осы екен", - деді Мөлдір.


Әнші мұны экс-күйеуі жасағанын растады. 

"Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап" деген ұғым тағы бір дәлелденді. 

Бала-шағам аман болсын. Қалғанын өзім жасап жүрмін, жасаймын да! Алла күнімізді біреуге қаратпасын!" - деді Әуелбекова.

"Кешегі мен түскен ДТП жайлы сторисімді қарап, жағдай сұрасып, қолдап жатқандарыңызға рақмет. Негізі, түбінде бұл жерде мәселе сол темір немесе 5.000.000 теңгеде емес қой. Мені қыңжылтып тұрғаны, көлікті маған сыйлаған қызымның әкесіне: "аварияға түсіп қалдым" - дегенде: "өзің амансың ба, тірісің ба" - деп сұрауға шамасы келмеді. "Қай жерін соқтың, қатты соқтың ба, қанша тұрады білесің бе сен?" - деп темірін сұрап әлектенді. Оған қоса, көлікті алып қойып, тағы 5.000.000 тг бересің жөндетуіне деп талап етті. Айтарға енді басқа сөзім жоқ. Соңғы нүктесі осы. Аллаға тапсырдым. Алла әділ. Реттейді. Тек сабыр мен уақыт керек", - деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр