"Мақтан тұтамын": Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы атанған ресейлік спортшыны құттықтады
Димаш Құдайберген тағы бір ресейлік спортшыға қолдау білдірді. Ол Олимпиада чемпионы атанған мәнерлеп сырғанаушы Анна Щербакованы жеңісімен құттықтап, оны "қарындасым" деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Достар, талантты қарындасым Анна Щербакованы Олимпиададан алған алтын медалімен, сенімді және керемет жеңісімен құттықтаймын. Менің әніммен ғажап өнер көрсеткеніңізге сүйсіндім.
Анечка, қарындасым, саған ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін. Барлық асқақ армандарың орындалсын", – деді Димаш.
Сондай-ақ Құдайберген допинг дауына іліккен 15 жастағы Камила Валиева мен күміс медаль алған тағы бір мәнерлеп сырғанаушы Александра Трусованың еңбегін атап өтті. Әнші бұған дейін де Камила Валиеваны қолдаған еді.
"Барлықтарың лайықты түрде жеңіске жеттіңдер. Біз әртүрлі ел өкілдері болсақ та, сіздерді мақтан тұтамын. Спорт пен өнер әлемді біріктіреді және сіздер мұны дәлелдедіңіздер. Махаббатпен Димаш Құдайберген", – деп жылы лебізін білдірді әнші.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен