AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің индонезиялық фанаты қазақы нақышта киім тігіп, елді таңдай қақтырды

Димаш Құдайбергеннің индонезиялық фанаты қазақтың ұлттық киімін тікті. Айтуынша, оны тігуге Қазақстанның дара мәдениеті шабыттандырған. Бұл туралы Dimash News порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Димаштың жанкүйері Кики Чан ұзақ уақыттан бері өнердің ерекше түрімен айналысады. Ол өз қолымен компьютерлік ойындардың, кинотеатрдың, әдебиеттің, комикстердің, аниме немесе манганың сүйікті кейіпкерлерінің костюмдерін жасайды.

Кики Чан бала кезінен әлемнің әртүрлі елдерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын үлкен қызығушылықпен бақылайды. Димаштың өнеріне ғашық бола жүріп, бойжеткен қазақ мәдениетіне қызыққан. 



"Димаш әрқашан туған елінің мәдениетіне үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Жеке мен үшін Қазақстан мәдениетінің кереметтігі мен бірегейлігі соншалық, маған дәстүрлі қазақ костюмін киіп көру немесе қандай да бір ұлттық музыкалық аспапта ойнап көру өте қызықты болды. Қазақстанның сұлулығы менің жүрегімді және бүкіл әлемдегі барлық Dears-тің жүрегін жаулап алды", – деді Кики Чан.

Кики Чан қазақша нақыштағы костюм жасау үшін өте мұқият болғанын және тыңғылықты жұмыс істегенін айтады. Ол Қазақстанның туын жамылғыға бейнелеп ұсынды. Сонымен қатар тұжырымдамада Қазақстанның суық және қарлы климатын бейнелейтін үлпілдек ақ тері бар.

"Мен жалауды моншақтармен өте мұқият кестеледім. Енді мен дайын жамылғыны үлкен құрметпен киемін, өйткені ту – елдің символы. Мен Индонезия мен Қазақстан арасындағы достықты білдіре отырып, қазақ мәдениетін елестете алатынымды мақтан тұтамын. Сондықтан мен осы костюмді жасауға кіріскеніме өте қуаныштымын", – деп бөлісті Кики Чан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр