Қытайлық тыңдарман Димаш Құдайбергеннің әнін қазақша орындап, әншіні таңғалдырды
Қытайдағы әуежайлардың бірінде бір топ фанаттар Димаш Құдайбергенге тосын-сый ұйымдастырды. Олар әншімен кездесу кезінде Димаштың “Ұмытылмас күн” әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Болған оқиғаның үзіндісін Димаш желідегі парақшасында жариялады.
"Жастар менің әнімнің соңғы жолын қазақ тілінде айтқан кезде қатты таңғалдым", - деді Құдайберген.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар Димаштың бар жақсылыққа лайық екенін айтып, жылы тілектерін жаудырды.
"Сен әлемдегі үздік әншісің", "Ең әдемі адам", "Аргентинадан сәлем", "Сенің арқаңда барлығымыз қазақша ән айта аламыз", - деп жазды желі қолданушылары.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”