AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков: Есірткі деген үлкен зұлыммен күрес әр отбасынан басталуы керек

Дастан Оразбеков өзекті мәселе аясында ой қозғады. Әнші есірткінің зияны туралы айтып, оған қарсы күрес әр отбасынан басталуы керектігін мәлімдеді. Айтуынша, балаларға есірткінің зияны туралы ерте жастан түсіндірген дұрыс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"21 ғасыр геноциді. Егер, сіз осы жолдарды оқып жатқан уақытта қазір елімізге басып кіруді жоспарлап отырған қандай да бір жаһандық ұйым бар екенін білсеңіз, не айтар едіңіз? Бұл ұйым өз армиясының стратегиялық жоспарларына жыл сайын миллиондаған, миллиардтаған доллар жұмсайды. Ел билігіміз, олардың әскери жоспарлары туралы мүмкін білер, бірақ әлі күнге дейін оларға қарсы тұра алмай жатыр.

Мен айтып отырған әскер танкілерден, зымыраннан тұратын әскер емес. Әскерді құрайтын соңғы жылдары қатты дамып келе жатқан синтетикалық есірткілер", – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Жасөспірім ұл тәрбиелеп отырған Оразбеков синтетикалық есірткілердің қаупі жайлы айтты. Олардың таралу жолы оңай екенін ескертті. 

"Мысалы, синтетикалық есірткілердің бір тобын ғана алсақ, олардың кез келгенінің түрі 2500-ден асады. Ол тек бір ғана тобы, ол топтардың өзі қаншама... Бүгінге синтетикалық есірткілер, электронды төлемдерді пайдалана отырып, интернет сайттар арқылы байланыссыз әдіспен таратылады. Және жасөспірімдерді ақшаға қызықтырып, есірткі айналымын насихаттауға үгіттейді. Қолжетімді баға, минуттық ләззат, табысты жұмыс (жеткізетіндерге) — жастар өкінішке орай бұндай әрекетке жиі барып жатады. Бұл есірткі сатушылар үшін өте ыңғайлы, әрі қауіпсіз схема", – дейді Оразбеков.



"Химиялық, синтетикалық есірткілердің таралуы — 21 ғасырдың үлкен геноциді" деген әнші жас ұрпақты теріс жолдан сақтап қалу үшін ата-аналарды ерте бастан қамдануға шақырды. 

"Есірткі деген үлкен зұлыммен күрес, елімізде ең алдымен әр отбасыда басталу керек. Ең кішкентай кездерінен бастап, ерте ғой деп баланың жасына қарамай, есірткінің зияны туралы әңгіме жүргізген жөн. "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" деп халқымыз бекер айтпаған. Бірақ ақ пен қара түстерді ажырата білу ешқашан адам баласына оңайға түскен жоқ. Балаларымызға ең бастысы жақсы мен жаманды дұрыс ажыратуға үйретсек, басты ата-аналық борышымызды өтедік десек болады", – дейді Оразбеков.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр