AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдарбекова: Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың екіге кеткені расталды. Көпшіліктің көкейіндегі сауалға Гүлзира Айдарбекова жауап берді. Ол өзін "ұлы мен келінінің ортасына түсті" деп сынағандарға ұрысып тастады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Нұртастың Мальдив аралдарында өз отбасымен емес, өзге адамдармен туған күнін тойлауы елдің көкейіндегі күдікті растағандай болды. Бұған дейін Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқанына көзі жетпеген жұрт бұл жолы оның анасын айыптауға асықты. "Қайрат анасының айтқан сөзіне еремін деп жарынан айырылып қалды" деп сөкті жұрт. Елдің сөзі Айдарбекованың көңіліне тисе керек, продюсер өзін айыптағандардың біріне жауап берді. 

"Менің жанұяма тыныштық беріңдер. Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскілеп, аңдығандарың отбасымның өмірі болды ғой. Қайрат не Жұлдыз менен не жамандық, не айуандық көріпті? Қашан мен араларына түсіппін? 18-дегі бала емес менің дегенімді жасап отырған, жастары 33-34-те. Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді. Қай ана өз ұрпағын жылатып, сұрпайылық жасаушы еді? Екеуі бірге жүрсе, "жоқ жүрмейсің, мен жүремін" деп отыр ма екенмін көкбеттеніп?



Өз баламды өзімнен қызғанып, бірге көрсеңіздер, тоқалын көргендей зәре-құтыларыңыз қашып бітті ғой. Сонда сендер ауыздарыңа келгенін құсады екен, пал ашып сөйлейді екен деп өз балама жоламай, тығылып жүруім керек пе? Сендерге айтпасам, бала-шағалары бар, ойланар, естерін жияр деп үміт етіп жүрген шығармын", – деп ашуланды Қайрат Нұртастың анасы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр