Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа iPhone қанша тұрады

Айфон
Фото: apple.com

Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарына алдын ала тапсырыс қабылдау басталды. Смартфондардың бағасы 849 990 теңгеден басталып, модель мен жад көлеміне қарай 1,7 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Apple компаниясы 9 қыркүйекте iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарын таныстырды. Жаңа модельдер A20 Pro процессорымен, 48 мегапиксельді негізгі камерамен және айнымалы диафрагмамен жабдықталған. Смартфондар 256 ГБ, 512 ГБ, 1 ТБ және 2 ТБ жад нұсқаларында шығарылады. Алғашқы елдер тобында жаңа құрылғылардың сатылымы 18 қыркүйекте басталды.

Қазақстанда смартфондарға әзірге алдын ала тапсырыс беруге болады. 256 ГБ жады бар iPhone 18 Pro-ның бағасы 849 990 теңгені, 512 ГБ нұсқасы 993 990 теңгені құрайды. 1 ТБ жады бар модель 1 275 990 теңгеге, ал 2 ТБ нұсқасы 1 698 990 теңгеге ұсынылады.

iPhone 18 Pro Max бағасы қымбатырақ. 256 ГБ нұсқасы 909 990 теңге, 512 ГБ нұсқасы 1 063 990 теңге тұрады. 1 ТБ жады бар модельдің бағасы 1 345 990 теңге болса, 2 ТБ нұсқасы 1 769 990 теңгеге бағаланған.

Осылайша, Қазақстанда жаңа iPhone Pro модельдерінің бағасы модель мен жады көлеміне қарай шамамен 850 мыңнан 1,77 миллион теңгеге дейін өзгереді.

Құрылғыларға алдын ала тапсырыс беруге болады. Кейбір сатушылар жаңа смартфондарды 24 қыркүйектен бастап алуға және жеткізуге болатынын көрсеткен.

Бағалар 2026 жылғы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша көрсетілген және сатушыға әрі сатып алу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Apple Nvidia-ны басып озып, әлемдегі ең қымбат компания атанғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 18 Қыркүйек, 2026 20:05