Алматыда электрсамокат мінген ер адам жоғары жылдамдықта жол апатына түсіп, қаза тапты (видео)
Алматыдағы Шығыс айналма автожолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. Электрсамокат жүргізушісі сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүріп, апатқа ұшырап, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы полициясының мәліметінше, бейнебақылау камералары мен жолдан өтіп бара жатқан көліктердің бейнетіркегіштері электрсамокатпен болған жол апатын түсіріп алған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, электросамокаттың жылдамдығы шамамен 90 шақырым/сағ болған.
"Шығыс айналма автожолында ер адам жолай келе жатқан көлікті басып озып, сол сәтте басқару тізгінінен айырылған. Бейнежазбада ер адамның асфальтқа құлап түскені анық көрінеді. Соққыдан оның басындағы қорғаныш дулығасы ұшып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы барды. Алайда ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қаза тапты", – делінген хабарламада.
Қаза тапқан ер адам 54 жаста болған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда электрсамокаттардың қатысуымен 91 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 96 адам жарақат алған.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда электрвелосипед жүргізушісінің ұшып кеткен шлемі ірі жол апатына себеп болғаны туралы жазған едік.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр