Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтың Шакирасы": Айкерім Қалаубаеваның жаңа образы елді тәнті етті

Айкеріім Қалаубаева
Фото: instagram.com/aikerim_kalaubaeva_official

Қазақстандық әнші Айкерім Қалаубаева жаңа бейнебаянын жарыққа шығарып, тыңдармандарын тағы бір қырынан таңғалдырды. Өнер иесінің жаңа әні ғана емес, клиптегі биі мен жарқын образдары да желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің “Махаббатым – Машақатым” әніне түсірілген бейнебаяны YouTube желісінде жарияланды. Ал Айгерім Қалаубаева Instagram парақшасында түсірілім алаңындағы кадрларын бөлісті.

Бейнежазбада әнші көк түсті джинс шорты мен беліне түйіп байлаған жейде киген. Образын гүлді өрнегі бар биік етік толықтырып тұр. Бұйраланған ұзын шашын жайып жіберген өнер иесінің жаңа келбеті жанкүйерлеріне ерекше әсер қалдырған.

Желі қолданушылары Айкерім Қалаубаеваны әлемге әйгілі әнші Шакираға, тіпті Дженнифер Лопеске теңеген.

“Қазақтың Шакирасы”, “Жастардан қалыспайды”, “Бұл ән міндетті түрде хит болады”, “Жаңа образ өзіңізге керемет жарасады”, “Нағыз от”, “Джей Ло секілді”, “Мүсіні қандай керемет!” – деп жазды оқырмандар.

Жанкүйерлер әншінің жаңа туындысына жылы лебізін білдіріп, оның сахналық образы мен биіне жоғары баға беріп жатыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 18 Қыркүйек, 2026 15:35