Қазақстандықтар енді көбірек ақша аудара алады: Мобильді аударымды тексеру шегі өсті
Қазақстанда жеке тұлғалардың кәсіпкерлік табысын анықтауға арналған шекті сома 360 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін ұлғайды. Қазіргі мөлшермен есептегенде, бұл – 1 миллион 557 мың теңге. Ал мобильді аударымдарды тексеруге негіз болатын өзге талаптар өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда салық органдары кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалатын азаматтардың мобильді аударымдарын тексереді. 2026 жылдан бастап банктер мұндай операциялар туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға әр тоқсан сайын жіберіп келеді.

Енді Қаржы министрлігі азаматтардың жеке шоттарына түсетін аударымдардан кәсіпкерлік табысты анықтау шегін көтерді. Тиісті бұйрыққа сәйкес, бұрын бұл көрсеткіш ең көбі 12 ең төменгі жалақыны, яғни айына 1 миллион 20 мың теңге болса, енді үш айдағы аударымдардың жалпы сомасы 360 АЕК-тен (2026 жылы – 1 миллион 557 мың теңге) асуы керек.
Салық органдары азаматтың мобильді аударымдарына назар аударып, оған хабарлама жіберуі үшін екі талап қатар орындалуы қажет:
- үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп түрлі адамнан ақша түсуі;
- осы үш айдағы аударымдардың жалпы сомасы 360 АЕК-тен асуы.
Демек, аударымдардың жалпы сомасы белгіленген шектен асса болды тексере бермейді. Тексеруге алу үшін екі талап та қатар орындалуы керек.
Жаңа ереже 11 қарашадан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, туыстар бір-біріне ақша жіберсе, мұндай аударымдар кәсіпкерлік табыс ретінде есептелмейді. Сондықтан салық органдары оларды мобильді аударымдарды тексеру кезінде ескермейді.
Еске салсақ, қаржы министрлігі 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы мобильді аударымдар деректерін талдағаннан кейін азаматтарға хабарламалар жібере бастаған еді.
Мобильді ақша аударымдарына қатысты ескерту алған қазақстандықтарға есеп беру үшін 30 күн берілетінін жазғанбыз.
"Бір бала жансақтау бөлімінде": Ташкентке жарысқа барған 16 бала таңғы астан уланып ауруханаға түсті