Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға салық органдарынан мобильді аударымдарға байланысты хабарламалар келіп жатыр

мобильді аударымдар хабарлама
Фото: magnific.com

Қаржы министрлігі 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы мобильді аударымдар деректерін талдағаннан кейін азаматтарға хабарламалар жібере бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бірінші тоқсанның деректерін сәуір айында алғанын айтты. 

“Оларды өңдеп, мамыр айынан бастап азаматтарға салық салуға дейін апаратын тәуекелдер туралы хабарламалар мен ескертулер жібере бастадық", – деді Біржанов.

Оның сөзінше, мұндай хабарламалар әртүрлі санаттағы азаматтарға жіберіліп жатыр. Олардың қатарында:

  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар;
  • Жеңілдетілген және жалпыға бірдей салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер де бар.

Әр санат үшін декларация тапсырудың өз мерзімдері бекітілген, онда анықталған сомаларды көрсетуге болады.

"Біз қазір сервиске бағытталған модельге көшіп жатырмыз. Адамдарға “Біз бұл табысты көріп отырмыз, декларация тапсыру мерзімі жақындап қалды, оны есепке қосыңыз” деп айтып отырмыз. Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болсаңыз, тіркелуді сұраймыз", – деп түсіндірді вице-министр.

 Сондай-ақ Ержан Біржанов қазір бірде-бір жеке тұлғаға да, жеке кәсіпкерге де айыппұл салынбағанын атап өтті. Оларға болашақ декларацияларда бұл деректерді түзетуге мүмкіндік беріп отырмыз дейді вице-министр.

Бұған дейін мобильді ақша аударымдарына қатысты ескерту алған қазақстандықтарға есеп беру үшін 30 күн берілетіні туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 03 Маусым, 2026 15:43